Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қызылорда: Сайлау күні 18 жасқа толған 14 азамат дауыс беріп, 8 нәресте дүниеге келді

Қызылорда облысында сайлауға келген халық нөпірі көп. Ауылдық жердегі азаматтар маңызды күннен қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға асығуда, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қызылорда: Сайлау күні 18 жасқа толған 14 азамат дауыс беріп, 8 нәресте дүниеге келді

Дәл бүгін 18 жасқа толған өңірдегі 14 азамат алғаш рет дауыс берді. Олар Тәуелсіз еліміз үшін әрбір азаматтың науқанда таңдау жасауы маңызды дейді. 

14 азаматтың барлығы да ауылдық елді мекенде тұрады.

Сондай-ақ, сайлау күні перзентханада 8 сәби дүние есігін ашты. 

Сайлау күні өз учаскесін анықтау үшін saylau.orda.gov.kz онлайн платформаласын 30 мыңға жуық тұрғын қолданса, телеграм ботты 9 мыңға жуық азамат пайдаланған. Сондай-ақ, бүгін 109 call орталығына 278 қоңырау түсті. 

Айта кетейік, өңірде 373 сайлау учаскесі және 486 002 сайлаушы бар.