Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Аманаттықтар алматылықтармен кездесуді белсенді жалғастыруда

«AMANAT» партиясынан Алматы қаласы мәслихатына партиялық тізім бойынша ұсынылған депутаттыққа кандидаттардың белсенділігі артты. Екінші үгіт апталығының қорытындысы бойынша олар 325 іс-шара өткізіп, оған 48 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Аманаттықтар алматылықтармен кездесуді белсенді жалғастыруда
фото: AMANAT партиясынан

Үгіт-насихат кездесулері әр түрлі ұжымдарда өтті, аманаттықтар халықтың барлық тобын барынша қамтып жүр. Кездесулерде депутаттыққа кандидаттар мегаполистің өзекті мәселелерінің нақты шешімін қамтитын «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндіріп жүр.

«Үгіт-насихат жұмысының екі апталық қорытындысы бойынша сайлаушылардың аманаттықтардың үгіт-насихат жұмысына деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Бұған себеп «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы өзінің өңірлік сайлауалды бағдарламасын алматылықтардың қажеттіліктері мен тілектеріне негіздеген. Қала тұрғындарын толғандырған әрбір саладағы мәселенің шешімі сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан», — деді көпбалалы ана, депутаттыққа кандидат Диана Ерлан.

Сонымен қатар, көптеген жеке қабылдаулар да өтті. Алматылықтар көшелерге жөндеу жүргізуді, талды кесуді тоқтатып, сирек кездесетін аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен білім беру саласын дамытуға көмектесуді сұрады. ПИК-тен МИБ-ке көшу тетігін жетілдіру қажеттігі туралы айтып, кейбір аудандардағы ХҚКО жұмысына шағымданды.

Сондай-ақ, тұрғындарды жеке сот орындаушыларының қызмет көрсету сапасы мен қоғамдық көліктің жұмысы толғандырды. Бұдан өзге Алматыда қоғамдық дәретхананың болмауы, экология мәселесі, зейнетақыны ұлғайту мен ипотека беру жүйесін реформалау қажеттігін тілге тиек етті. Мүмкіндігі шектеулі адамдар мегаполисте ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Әлеуметтік және шығармашылық бағдарламаларға мемлекеттік қолдауды арттыруға жәрдемдесуді сұрады. Сонымен қатар, балалар үйінің қызметкерлері олар үшін жалақыны көтеруге қол жеткізуді, балалар спорт үйірмелеріне, емдеу орталықтарына және мектептердегі қосымша сабақтарға тегін баруды сұрады. Алматылықтардың барлық талап-тілегі ауызша әрі жазбаша түрде қабылданды.

Осы аптада партиялықтардың үгіт-насихат жұмысы аясында «Есіктен есікке» акциясы да өз деңгейінде өтті. Аманаттықтар «Жастар Рухы» активімен бірлесіп,  әр аудандағы көппәтерлі және жеке үйлерді аралап шықты. Партиялық тізім бойынша кандидаттар белсенді жастармен бірге қала тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алматылықтарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. «Есіктен есікке» акциясы шамамен 10 мың алматылықты қамтыды.

«Алматы, әрине, жастар орталығы. Олар елдің маңызды стратегиялық ресурсы. Өйткені елдің болашағы жастармен байланысты. Партия тарапынан бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру өте маңызды. Өйткені, қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғам жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуын талап етеді. Біздің қатарымызға жастардың көп болып қолдау білдіргені  қуантады», — деп атап өтті депутаттыққа кандидат, Алматы қаласы бойынша «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақежан Кеңесов.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.