“AMANAT” партиясы атынан мәслихат депутаттығына ұсынылған Азамат Қарлығашев пен бір мандатты үміткер Бахаргүл Төлеген елордадағы Паралимпиада жаттығу орталығына арнайы барып, спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Фируза Шарипова мен ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин да қатысты.
“Біз мүгедектігі бар жандардың өмір сүру жағдайын жақсартуға қол жеткіземіз. Шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тұстарын баяндап, пікір алмастық. Науқан аясындағы кез келген басқосуымыздың басты мақсаты – партияның өзгеріс әкелетін күш екенін және оның сайлауалды бағдарламасы іс жүзінде іс-қимыл жоспары екенін сайлаушыларға жеткізу. Әрбіріміз өз саламызда Жаңа Қазақстанды құрғалы жатырмыз.
Спорт саласындағы қызметімнің басым бөлігін мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауға арнадым. Жалпы, мемлекеттің барлық дерлік әлеуметтік шаралары партияның қолдауымен және оның белсенді атсалысуымен жүзеге асып жатыр” деді кандидат Азамат Қарлығашев.
Партияның сайлауалды бағдарламасында мүгедекті растау рәсімін жеңілдету қарастырылған. Ерекше қажеттілігі бар балаларға көмектесу үшін жаңа ұйымдар желісін іске қосу жоспарланған.
Бұлар – аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталықтар, мүгедектік қаупін азайтуға бағытталған, патологияны ертерек анықтау орталықтары және аудандық деңгейдегі оңалту орталықтары. Сонымен қатар әлеуметтік көмек мөлшерін 2,5 есеге арттырмақ.
Астана қаласы Мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.