Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Семейде есірткі тұтынған автобус жүргізушісі әкімшілік жазамен құтылды

Семей қалалық полиция басқармасының қызметкерлері оны 20 қаңтар күні ұстаған...

Семейде есірткі тұтынған автобус жүргізушісі әкімшілік жазамен құтылды
фото: дереккөз

Семей қаласының полиция қызметкерлері есірткі қабылдап рөлге отырған автобус жүргізушісін анықтады, деп хабарлады paryz.kz, ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Автобус" жедел алдын алу шарасы барысында 300-ге жуық заңбұзушылық тіркелген. Оның ішінде жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 7 жүргізуші, көлік тізгіндеп отырып, телефон пайдаланған 47, жылдамдықты асырғаны үшін 14 және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 46 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"20 қаңтар күні Семей қалалық полиция басқармасының қызметкерлері есірткі қабылдап, рөлге отырған автобус жүргізушісін ұстады. Аталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетсек, өңірде "Автобус" жедел алдын алу шарасы 20-22 қаңтар аралығында жүргізілді.