Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақстан алғашқы тікұшағын құрастырды

Тікұшақтың тұсаукесері Алматы қаласындағы №405 авиажөндеу зауыты аумағында өтеді.

Қазақстан алғашқы тікұшағын құрастырды
Фото: ашық дереккөз

"Қазақстан Инжиниринг" АҚ мен "Ресей тікұшақтары" АҚ кәсіпорындарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы аясында Қазақстан аумағында Ми-8АМТ/Ми-171Е тікұшағын құрастыру жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлады paryz.kz, azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

12 желтоқсан күні Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақтың тұсаукесері Алматы қаласындағы №405 авиажөндеу зауыты аумағында өтеді.

Құрастырылған тікұшақтар жолаушы мен жүк тасымалдау, авариялық-құтқару жұмыстары, ормандарды күзету, өрт сөндіру, санитариялық авиация қызметтерін көрсету әрі құқық қорғау міндеттерін орындау бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге арналған.