Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Ақтауда қарулы топ ұсталды (ВИДЕО)

Олардан 3 атыс қаруы, 4 травматикалық тапанша және оқ-дәрілер табылды.

Ақтауда полиция қызметкерлері қарулы топты ұстады. Олар облыс аумағында деструктивті діни ағымдар өкілдерін қадағалау барысында қолға түскен, деп хабарлады paryz.kz, Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 желтоқсанда Маңғыстау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мен жедел әрекет ету тобы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ақтау қаласының 1-шағын ауданы маңында 3 көлікте болған қарулы топты ұстады", - делінген хабарламада.

Олардан 3 атыс қаруы, 4 травматикалық тапанша және оқ-дәрілер табылды. Бұл факт бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Департамент мәліметінше, қазір сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.