Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тәуелсіздік алғаннан бергі 13 білім министрі түк тындырмапты

Қазақстанның білім саласының деңгейі Кот-Д’Ивуар, Камбоджа, Ирак, Ливия сияқты елдердің сәл-ақ алдында тұрған көрінеді.

Тәуелсіздік алғаннан бергі 13 білім министрі түк тындырмапты
фото: ашық дереккөз

Cтратегиялық коммуникациялар агенттігінің басшысы Нұркен Халықберген Білім министрлігіндегі шенеуніктердің негізсіз амбициялары қап-қараңғы білімсіздікке алып келеді деп мәлімдеме жасады, paryz.kz, zheruiyq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның білім саласының деңгейі Кот-Д’Ивуар, Камбоджа, Ирак, Ливия сияқты елдердің сәл-ақ алдында тұрған көрінеді.

"Қазақстандықтар барған сайын елден тысқары жаққа көптеп кетуде. Жастар шет елдің оқу орындарын көптеп таңдап жатыр. Ал біздің Білім және ғылым министрлігі болса, өздерінің әдемі жазылған есептерінде реформаны қатырып жатырмыз, бәсекеде ешкімге дес бермейміз, Болон процесін табысты енгізіп жатырмыз, т.т. бөскенде алдарына жан салмайды. Ал іс жүзінде жағдай мүлдем бөлек", - дейді Нұркен Халықберген.

Тәуелсіздік алғаннан бергі 29 жылда 13 Білім және ғылым министрі ауысыпты. Ең сорақысы, солардың әрқайсысы келіп, өз реформасын бастайды. Не бітпейтін, не қоймайтын бір эксперимент әйтеуір. Балалар бейне бір тәжірибе жасайтын қоян сияқты. Ал сол эксперименттің нәтижесі үшін бір министр жауап беріп көрді ме? Жоқ! Барлығы "сүттен ақ, судан таза" болып шыға келеді.

Қысқасы, біздің білім ошақтарында абсурд көп. Абсурд болмаса, Қазақстан сараптама жасалып, сауал жүргізілген 78 елдің арасынан мектеп оқушылары арасындағы білім деңгейі бойынша 69-орынға әзер ілінер ме еді?..