Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Маңыстау облысында 85 браконьер қолға түсті

Осылайша шекарашылар мемлекетке келетін 2 млрд теңге шығынның алдын алды.

Маңыстау облысында 85 браконьер қолға түсті
фото: дереккөз

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде бір айдың ішінде 85 браконьер ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Заңсыз балық аулаушылар Қазақстан-Ресей шекарашыларының бірлескен жедел шарасы аясында қолға түсті. Бір айлық операцияға екі елдің жауынгерлік кемелері, тікұшақтары мен жағалаудағы шекарашылар жұмылдырылды.

Каспийдің солтүстігіндегі күрделі гидрометеорологиялық жағдайға қарамастан, шекарашылар кемесінің екінші дивизионы 66 рет ашық теңізге шығып, 201 тәулік бойы жауынгерлік қызметте жүрді. Браконьерлерге қарсы шабуылдың нәтижесінде, ұсталған бекіре балықтары мен итбалықтар суға жіберілді. Осылайша шекарашылар мемлекетке келетін 2 млрд теңге шығынның алдын алды.

"Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған 85 адам ұсталды. Барлығы – ел азаматтары. Балық аулауға тыйым салынған 190 мың метрдей құрал судан шығарылып, тәркіленді. Теңізге 5 мыңдай бекіре және басқа да балық түрлері мен 19 итбалық жіберілді. Заң бұзғандарға 1 млн 700 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді Маңғыстау облысы бойынша Шекарашылар қызметі департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Малшыбаев.