Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Надевайте маски – маска киіңдер": Марат Омаров тағы да коронавирусқа қатысты ән жазды

Ол жақында осы жаңа әнімен де челлендж бастауға ниетті екен.

"Надевайте маски – маска киіңдер": Марат Омаров тағы да коронавирусқа қатысты ән жазды
фото: otyrar.kz

Белгілі композитор Марат Омаров коронавирус инфекциясы жайлы тағы да жаңа ән шығарды, деп хабарлады paryz.kz.

Еске сала кетсек, ол бұған дейін "Коронавирус, кет, кет, кет!" деп жас қыздармен секеңдеп жүрген болатын. Өзінің айтуынша, сол әнінің арқасында АҚШ-тағы қайырымдылық концертіне шақырылған.

"АҚШ президенті Дональд Трамп қалжыңдап, "біз Америкада коронавируспен күресу үшін миллиондаған қаржы жұмсап жатырмыз, ал Қазақстанда бір ән жазып күресіп жатыр" деген еді. Бұл, әрине, қалжың. Бірақ, осындай атақты адам мұны ескеріп, айтқанының өзі өте жағымды", - деп мәз Марат Омаров.

Енді барша қазақстандықтарды осы қиын кезеңде карантин талаптарын сақтауға шақырған ол "Маскалар" деген ән жазып шығыпты.

"Мен қазір барлық қазақстандықтарды бетперде киюге, қашықтықты сақтауға, антисептиктерді қолдануға шақырамын. Осыған байланысты композитор ретінде жаңа ән жаздым. Ол "Маскалар" деп аталады", – дейді коронавируспен "қатты күресіп" жүрген композитор. Тіпті, одан өзі үзінді де орындап берді.

"Надевайте маски – маска киіңдер,

Бет перденi тағып, жауып жүріңдер.

Біз біргеміз, әрқашан бәріміз бірге,

Біз сенеміз, алда – бақытты күндер!" - деп сарнай жөнелген ол, жақында осы жаңа әнімен де челлендж бастауға ниетті екенін жеткізді.