Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Вице-министр бюджетте АЭС салуға қаражат қарастырылмағанын айтты

Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін жан-жақты зерделеп шығуды тапсырған болатын.

Вице-министр бюджетте АЭС салуға қаражат қарастырылмағанын айтты
фото: ашық дереккөз

Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев үш жылдық бюджетте атом электр стансасын салуға қаражат қарастырылмағанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Атом электр станциясының құрылысына қажетті қаражат енгізілді ме, жоқ па деген сұраққа келетін болсақ, республикалық бюджеттің жобасында ол ақша қарастырылмаған, - деді Қарағаев Мәжілісте.

Оның айтуынша, Үкімет қауіпсіз экологиялық атом энергетикасын дамытуды жан-жақты зерделеуге тапсырма берді. 2022 жылдың қыркүйек айына дейін тиісті ұсыныс әзірленуге тиіс. Қазіргі кезде атом электр стансасын салу мәселесі зерделеніп жатыр.

Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін жан-жақты зерделеп шығуды тапсырған болатын.

2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергияcы тапшылығы болады. Ал әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиімді шешім бар. Ол – бейбіт атом. Иә, оңай шаруа емес. Сондықтан осы мәселені ұтымды шеше білуіміз керек, сан алуан болжам мен эмоцияға жол бермейік. Бір жыл ішінде үкімет пен "Самұрық-Қазына" елімізде қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеп шығуға тиіс, - деді Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында.

Осы орайда Мемлекет басшысы атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне де баса назар аударды. Онсыз бейбіт атомды дамыту қиынға соғады.