Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Горбачевтің көмекшісі КСРО не үшін ыдырағанын айтты

Ожерельевтің айтуынша, дүкендер бос, азық-түлік табу мүмкін болмаған.

Горбачевтің көмекшісі КСРО не үшін ыдырағанын айтты
фото: diletant.media

КСРО президенті Михаил Горбачевтың экономика жөніндегі көмекшісі Олег Ожерельев Совет Одағы құлауының басты себебін атады деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, азық-түлік мәселесі КСРО-ның ыдырауына айтарлықтай әсер еткен. Бұл тұрғыда Ожерельев мемлекетте жүргізілген реформалардың да көмегі болмағанын айтады. 

1990 жылы тұрғындар демократия талап етіп немесе Горбачевтің билігіне наразы болғандықтан емес, азық-түлік тапшылығынан алаңға шықты, - дейді ол. 

Ожерельевтің айтуынша, дүкендер бос, азық-түлік табу мүмкін болмаған.

Горбачевтің экс-көмекшісі КСРО-ның құлауына ауыл шаруашылығы мәселесі түрткі болғанын сөз етті. Айтуынша, егер мұндай қиындықтарды еңсергенде мемлекетті сақтап қалуға болатын еді.