Президент Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді деп хабарлайды Paryz.kz.
Президент Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Жиынға Премьер-министр, құқық қорғау, қорғаныс, қауіпсіздік және басқа да күштік құрылымдардың басшылары қатысты. Сондай-ақ Тараз қаласынан бейнебайланыс арқылы Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері және Жамбыл облысының әкімі қатысты, - деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли