Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Коммунистер кедейшілікпен күрес туралы заң қабылдауды ұсынды

Бастаманы сарапшылар қоғамдастығы да қолдап отыр.

Коммунистер кедейшілікпен күрес туралы заң қабылдауды ұсынды
Фото: kazinform.kz

Алматылық коммунистер кедейшілікпен күрес туралы мәселені көтерді. Бастаманы сарапшылар қоғамдастығы да қолдап отыр, деп хабарлады paryz.kz.

Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті және қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілдері қатысты.

"Бізге кедейшілікпен күрес туралы заң шығарып, қабылдауымыз керек. Пандемия осы мәселені қолға алу керектігін көрсетті. Алдымен, ең төменгі жалақыны көтеру керек. Қазір біз адамдардың еңбекақысы тұрғын үйді жалдауға кететінін көріп отырмыз. Қазір көптеген адамдар отбасын асырау үшін үлкен қалаларға келеді. Себебі, ауылды жерлерде жұмыс жоқ. Жақсы өмір сүру үшін адамдарға жағдай жасау қажет. Мәселен, Қытайда кедейшілікке қарсы заң бар. Бізде жоқ", - дейді Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі Гүлдана Нұрпейісова.

ҚКХП Наурызбай ауданының хатшысы Ақбопа Әбілқасымованың айтуынша, қазір адамдар тамақ пен дәрі-дәрмек сатып алу үшін несие алуға мәжбүр.

"Пандемия кезеңі қазақстандықтардың өміріне үлкен әсер етті. Көбісі жұмыссыз қалды. Сол уақытта адамдар азық-түлік сатып алу үшін несие ала бастады. Менің ойымша, әлемнің кез-келген жерінде мұндай нәрсе жоқ. Қазір бәріміздің жалақымыз негізінен тамаққа, жалға алған пәтер мен коммуналдық қызметтердің төлемдерін төлеуге кетеді. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер бар, адамдар дамуы керек. Олар балалары баратын түрлі үйірмелердің ақшасын төлеуі керек. Сондықтан, мемлекет кедейшілікпен күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауы тиіс. Біз Қазақстанда кедейшілік бар екенін мойындауымыз керек. Бізге кедейшілік шегін реттейтін арнайы бағдарлама қажет. Ең төменгі жалақыны кем дегенде екі есеге көтеру қажет. Біздің депутаттар несиелік рақымшылық жасау туралы мәселені үнемі көтеріп отырады, өйткені тұрғындардың басым бөлігінде несие бар. Менің ойымша, әсіресе, көпбалалы отбасыларға қолдауды күшейтіп, ана капиталын енгізу қажет. Балалар - біздің болашағымыз. Осы балаларды мемлекет есебінен ана капиталы есебінен үймен қамтамасыз етейік", - деді спикер.

Өз кезегінде, халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқытушысы, PhD докторы Дәурен Асқаров теңге эквивалентін дамытып, доллар бағамынан бас тартуды ұсынды.