Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуды талқылайтыны айтылды.
Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанға келеді деп хабарлайды Paryz.kz.
Ресей Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі Мишустин Қазақстан астанасында жұмыс сапарымен 18-19 тамыз аралығында болатынын мәлімдеді.
Михаил Мишустин Қазақстан Премьер-министрі Асқар Маминмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Ресей премьер-министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, - делінген ресми хабарламада.
Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуды талқылайтыны айтылды. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылады.