Өз кезегінде Леонид Млечин "Сенімді көршің болғаны жақсы. Көршіні бағаламау дұрыс емес. Біз талқылауымыз керек бір ауыр мәселе бар", - деді.
Белгілі ресейлік журналист Леонид Млечин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы хабар дайындапты. Оны "Қазақстан Ресей мен Қытай арасында. Президент Тоқаевтың 2 жылы" деп атаған екен, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
"Белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин өзінің YouTube арнасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің екі жылдығына арналған авторлық бағдарламаны жариялады. "Қазақстан Ресей мен Қытай арасында. Президент Тоқаевтың 2 жылындағы " деректі бағадарламасында ол Қазақстан басшысының саяси бағыты туралы өз көзқарасымен бөліседі. Автор Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен бөлісіп, Президентпен болған кездесулер туралы өзінің жеке әсерімен бөліседі", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз хатшысы.
Өз кезегінде Леонид Млечин "Сенімді көршің болғаны жақсы. Көршіні бағаламау дұрыс емес. Біз талқылауымыз керек бір ауыр мәселе бар", - деді.