Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Үкімет неліктен опасыздық танытады?!" - Саясаттанушы Маминды сынға алды (ВИДЕО)

"...Мемлекет автоөнеркәсіпті қолдау көрсетіп, бір ғана негізгі шарт қояды: автокөліктер Қазақстанда шығарылуы тиіс. Демек, егер көлік Қазақстанда шығарылмаса, мемлекет оған жеңілдіктер мен субсидиялар бермеуі керек", - дейді саясаттанушы.

"Үкімет неліктен опасыздық танытады?!" - Саясаттанушы Маминды сынға алды (ВИДЕО)
фото: tengrinews.kz

Қазақстандағы ресми органдардың жылына ондаған мың көлік өндіріп жатырмыз деген сөзі жалған, оларға мемлекеттен миллиардтаған жеңілдіктер мен субсидиялар бөлінбеуі керек. Себебі, біздегі көліктердің барлығы өндірушінің әлемдік индексі бойынша Ресей мен Оңтүстік Кореяда жасалған. Саясаттанушы Санжар Боқаев осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz

"Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда жылына 80 мың автокөлік шығарылады (күніне 250 дана).

Өнеркәсіп министрлігі 167 автомобиль моделін шығаратындығымызды дәлелдеуге тырысып, тығырыққа тірелді.

Мемлекет автоөнеркәсіпті қолдау көрсетіп, бір ғана негізгі шарт қояды: автокөліктер Қазақстанда шығарылуы тиіс. Демек, егер көлік Қазақстанда шығарылмаса, мемлекет оған жеңілдіктер мен субсидиялар бермеуі керек", - дейді саясаттанушы.

Сондықтан біз автомобильдердің өзге елде шығарылатындығын дәлелдеуіміз керек дегенді алға тартты Боқаев.

"Бұл миллиардтаған теңгенің негізсіз төлемдерін тоқтатуға негіз болып табылады. Мұны істеу тіпті оңай! Әрбір автомобильдің VIN коды бар, ол халықаралық есеп жүйесіне жатады және оған World Manufacturers Identification кіреді – яғни өндірушінің әлемдік индексі", - деді ол.

Саясаттанушы сондай-ақ Алматыдағы автосалондарға барып, көліктердің VIN кодтарын суретке түсіргенін айтты.

"Сонымен, халықаралық есеп жүйесі бойынша Қазақстанда шығарылған автомобильдердің VIN кодтары Ресейде немесе Оңтүстік Кореяда шығарылған. Автокөліктердің ешқайсысы Қазақстанда шығарылмаған. Демек, мемлекет олигархқа айналған жалған өндірушілерге жүздеген миллиард теңгенің төлемдерін тоқтатуы керек.

Мемлекет алға қойған тағы бір маңызды шарт – жергілікті өнеркәсіпті дамыту. Яғни автомобиль жасаушылар қосалқы бөлшектерді мүмкіндігінше Қазақстанда көбірек шығаруға міндеттенді. Бірде-бір автокөлік өндірушісі бұл шартты орындаған жоқ, ал мемлекет үнсіз. Сонымен қатар, Индустрия министрлігі локализация 40-50% құрады деп хабарлайды. Қосалқы бөлшектердің жартысы Қазақстанда шығарылатын бірде-бір модель жоқ екенін бәрі біледі. Біз тіпті болттар мен гайкаларды шығармаймыз. Неге біз өзімізді алдап отырмыз?" - деп ашынды сарапшы. 

Оның айтуынша, Индустрия министрлігі ешқашан автоөндірісті локализациялау бойынша зерттеулер жүргізген жоқ, ал Үкімет жүздеген миллиардты мифтік автоөндіріске құйып жатыр.

"Біз шынымен де жапондардан, немістерден немесе корейлерден жақсы өнім шығарамыз деп ойлаймыз ба? Неге біз Toyota немесе басқа танымал өндірушіні шақырмаймыз, біз оған жағдай жасаймыз, өйткені BMW Оңтүстік Африкада зауыт салған. Видеоны қараныздар.

Мамин мырза! Осындай топастық индустрия саясаты керек емес. Қазақстанда шығарылмаған автомобильдер үшін миллиардтаған ақшаны төлеуді тоқтатыңыз. Неліктен сіздің Үкіметініз салық төлеушілердің ақшасына сонша опасыздық танытады?" дейді Санжар Боқаев.