Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қате тұжырым елді адастырады

Ақпараттық технологиялар заманы болғандықтан, бүгінде кез келген ақпаратқа қолжетімді. 

Қате тұжырым елді адастырады

 Жасыратыны жоқ  бұл күнде  әркім өз білгенімен жүргісі келетін принциптер бой көрсетіп қалады. Бұл принциптің дұрыс жағынан гөрі бұрыс тұсы көбірек. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының терорризм мен экстремизмнің алдын алуға байланысты істеген жұмыстары, аталған тақырыпқа жасалған зерттеулері, мәселеге қатысты талдамалары, тұжырымдары осы ойымызға негіз болып отыр. 
          Ақпараттық технологиялар заманы болғандықтан, бүгінде кез келген ақпаратқа қолжетімді. Түрлі ақпаратты көрген көпшілік өзінше ой түйеді. Өзінің білім-білігінің, сауат-ұғымының деңгейіне қарай қабылдайды. Өйткені барлық халық ақпаратқа жан-жақты қарап, сан қырынан келіп  дағдыланбаған  және халық арасында алып-қашпа,  өтірік-шыны аралас өсек-аяң, түбі белгісіз әңгіме көп жүреді. Кейде сол түбі белгісіз әңгімелерді растайтындай ақпараттың кездесіп қалуы көруші, оқырман, тыңдаушыны сендіре түседі. Көрген  барлық ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, түгелдей ой елегінен өткізіп отыратындай көпшілікте  уақыт та жоқ. Ашты қарады, көрді, естіді, сол көргенін немесе естігенін біреуге айтады, ол екіншіге, үшіншіге жалғасып, бастапқы ақпарат сан-саққа жүгіріп кете барады. Оның шыны қайсы, өтірігі қайсы ажыратып болмайды. Осыдан барып қателесу, адасу, алдану сияқты кез келген адамды қиындыққа душар ететін келеңсіздіктер шығады.  
        Күніне таралатын миллиондаған ақпараттың сексен пайызы анықталмаған, жалған ақпарат екендігін зерттеушілер айтып жүр. Сондықтан кез келген ақпаратқа терең қараған дұрыс. Мысалы үшін терроризм мен экстремизм көпшіліктің ұғымында бомба жарушы, өзін-өзі жарып жіберетін кейіпте елестейтін болуы керек. Иә, бұл – террористер бейнесінің шыңы. Көпшілік осы тұрғыдан ғана қарайды және бәрі оларды танитын, кез келген жерде оларды ажырата алатын сияқты ойлайды. Ал экстремистердің өз мүддесін жүзеге асыруда небір қулыққа, түрлі тәсілге баратынын біле бермейтіндер көп. Әлемді былай қойғанда Орталық Азиядағы терроризм мен экстремизмнің психологиялық астары қандай? Терроризм және экстремизинің әлеуметтік факторлары не? Терроризм мен экстремизмнің діни аспектілері... Терроризм мен экстремизимнің геосаяси мәселелермен ұштасуы деген сияқты жан-жақты қарауға қарапайым азаматтың білімінің жетуі мүмкін емес. Керек десеңіз маманданған зерттеушінің өзі осы аталған тақырыптың біреуін ғана зерттей алады. Сондықтан осы мақала арқылы терроризмен мен экстремизм тақырыбы кез келген жерде сөз қылатын нәрсе емес. Өте қауіпті де қатерлі мәселе.  Алматы үлкен қала болғандықтан, бұл жерде де экстремистік мақсатпен жүрген теріс топтар бар екенін ескерткіміз келеді. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы дәл осы жайттың алдын алуға байланысты түрлі жұмыстар, іс-шаралар жүргізіп келеді. Әрбір әрекет халықтың қамы, елдің тыныштығы үшін. Айталық  терроризм мен эстремизм  әр қырынан сарапталып,  зерттеу жасалып  келе жатқанына көп жылдар болды. Мысалы үшін 2003 жылдан бері терроризм мен экстремизмге байланысты қозғалған қылмыстық істерді арнайы мамандар талдап зерттеген. Әрине, талдау тек қана қылмыстық істі қараумен біте қалмайды. Аймақтарға сапар жасалады, тергеушілермен сұхбат құрылады, айыпталған азаматтардың жақын ағайын-жамағайындарымен, достарымен, ауыл қызметкерлерімен әңгіме жүргізіледі. Сонымен қатар  жазасын өтеп жатқан түрмедегі,  коллониядағы айыпталушылармен кездесу өткізіледі. Осының бәрінің жиынтығы зерттеу деп аталады. Осы зерттеу арқылы талдау, тұжырым жасалады. 
           Бізге көп дүниенің ақиқатын жететкізетін дұрыс ақпарат керек. Міне, осы дұрыс ақпаратқа жету үшін қылмыстық фактілер мен зерттеу барысында жиналған материалдарды салыстыра отырып, объективті картина жасауға болады. Айтқанға оңай болғанмен, объективті картинаға жету үшін көп еңбек, қажырлы қайрат керек. Қай кезде де дұрыс мақсатпен жасалған еңбек, төккен тер өз нәтижесін береді. Бүгінгі күні біз теолог мамандар мен саясаттанушы, саясаткерлердің зерттеулерінің нәтижесінде терроризм мен экстремизимнің мақсат мүддесін, олардың әрекетін түсініп келеміз. Біз неғұрлым қауіпті нәрсені түсінген сайын алдымыздан шығатын кедергілерді айналып өтеміз. Ол үшін бізге жететін ақпарат дұрыс та шынайы болуы керек. Шынайы ақпарат көп дүниені болжауға көмектеседі. Мысалыға терроризм мен экстремизмге, теріс діни ағымдарға байланысты қарапайым халықты былай қойғанда медиа саласының өзінде анық емес ақпарат, дәлелденбеген фактілер жарияланып кетіп жүргенін мамандар айтады. Мысалы үшін халықтың құлағы, көзі һәм тілі болып отырған медиа саласы, БАҚ бұл жан-жақтылықты кей жағдайда ескермей жатады. Ақпарат көбіне біржақты.  Бір жақты ақпарат халықтың көзін ашып, өзіне, өзгеге, ел-жұртқа мемлекетке  дұрыс көзқарас қалыптастыруға қауқары жетпейді. Бұл белгілі қоғам қайаткері, саясаткер,  ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қариннің ойы. Ендігі кезекте зерттеушінің сөзін берейік: «2011-13 жылдары террористік актілер орын алған кезде БАҚ-та біршама басталмаған ақпараттар айтылып кетті. Мәселен, террористік-экстремистік актілер негізінен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы бағытталған деген сияқты қате тұжырымдар орын алған болатын. Ал шын мәнінде, яғни, зерттеулер нәтижесі терроризм мен экстремизм актілері құқық қорғау қызметкерлеріне емес, керісінше олардың құрбандары белгілі азаматтар, қарапайым халық болып шықты. Мысалыға үлкен қызметтегі лауазымды қызметкерлер, такси жүргізушілері, сатушылар, т.б. негізгі құрбандар болған. Осы шындық бұрмаланып, жоғарыда айтқанымыздай, БАҚ құқық қорғау органдарына қарай жасалған террористік акт деп көрсеткен. Яғни ақпарат бұрмаланған.  БАҚ-тың терроризм мен экстремизм актілеріне жасалған қате тұжырым болатын. Қателігі өз алдына, бұл тұжырым экстремистік топтардың мақсатына сәйкес, олардың тарапынан таратып отырған ақпараттарына сай, солардың ақпараттық саясатына ыңғайлы тұжырым болғаны. Олардың көздегені осы болатын яғни, «біз қарапайым азаматтарға қауіп төндірмейміз. Біздің күресіміз мемлекетке қарсы бағытталған» деген сияқты ойды санаға енгізіп, билік пен қоғам арасына жік салуды діттеген. Ал шын мәнінде қылмыстық және экстремистік топтардың құрбаны қарапайым азаматтар болатын. Міне, кешенді зерттеудің нәтижесінде дұрыс тұжырым жасалды деп есетеймін және БАҚ сарапшылардың, мамандардың, зерттеушілердің  пікірімен санасып отыру қажеттігін көрсетті»  
       Міне, бұл пікірден терроризм мен экстремизм тақырыбы өте күрделі тақырып екенін ұғамыз. Сақ болайық! Сақтанайық!
                                                                            
 Еділ  АНЫҚБАЙ