Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Бұрын-соңды болмаған. Мәжіліс депутаты оппозиционерді дебатқа шақырды

Оның пікірінше, саясаткерлер өздеріне қатысты айтылған сын-пікірге, айыптауларға қоғам алдында жауап қатуы тиіс.

Бұрын-соңды болмаған. Мәжіліс депутаты оппозиционерді дебатқа шақырды

 

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев оппозиционер Жанболат Мамайды дебатқа шақырды. Журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берген Бейсенбаев Мамайдың Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке таққан айыптарына қатысты да пікір білдірді, деп жазады Paryz.kz.

Бұған дейін Жанболат Мамайдың шулы видеоролигіне қатысты Бауыржан Байбектің өзі жауап қатып, қоғам белсендісін сотқа беретінін ресми мәлімдеген болатын.

«Жанболат Мамай Бауыржан Байбекке тағы бір видео арнап, оны дебатқа шақырыпты. Қандай дебат, адамға жала жаптың ба, енді соттың алдында жауап бер. Соттың трибунасын дебат ретінде пайдалан, сол жерге бүкіл дәлелдеріңді жинап әкел де, айтқан сөзіңе жауап бер, айтылған сөз – атылған оқ», - деді депутат.

Оның пікірінше, саясаткерлер өздеріне қатысты айтылған сын-пікірге, айыптауларға қоғам алдында жауап қатуы тиіс. Сонда ғана саяси мәдениетті мемлекет құра аламыз дейді ол.

«Бұл – прецедент. Бұған дейін Мамай Nur Otan-ға қатысты талай жала жапты. Бірақ, Бауыржан Байбек оған шүйліккен де жоқ, назар да аударған жоқ. Бірақ, мәселе жеке басына келгенде ол өз абыройын қорғап отыр. Біз саяси мәдениетті ел құрамыз десек, әрбір сөзімізге, ісімізге жауап беруіміз керек», - деді Е.Бейсенбаев.

Сөз соңында Мәжіліс депутаты оппозиционер Жанболат Мамайды ашық дебатқа шақырды. Егер келіссе, екеуара сөзсайыс журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-каналында тікелей эфирде өтеді.