Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркия Үкіметі Ердоғанды "диктатор" деп атаған премьер-министрден кешірім сұрауды талап етуде

Осыдан кейін Италияның Анкарадағы елшісі Массимо Гаяни Түркия сыртқы істер министрлігіне шақырылып, одан премьер-министрдің сөзін түсіндіруді сұраған.

Түркия Үкіметі Ердоғанды "диктатор" деп атаған премьер-министрден кешірім сұрауды талап етуде
Фото: дереккөз

Италия премьер-министрі Марио Драги Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды диктатор деп сипаттағаннан кейін Түркия Италияның Леонардо компаниясынан тікұшақ сатып алуды тоқтатқан. Бұл туралы La Repubblica басылымына сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлады.

Басылым атап өткендей, дипломатиялық арналар арқылы жасалған түсініктемелер Түркия үкіметінің көңілінен шықпай отыр, сондықтан олар Италиядан Марио Драгидің сөздері үшін ресми түрде кешірім сұрауды талап етуде.

"Римнен жауап келмегендіктен, түрік билігі қауіп төндіретін белгілер бере бастады", – деп жазады La Repubblica басылымы.

Айта кетейік, бұған дейін Италия премьер-министрі Марио Драги Түркия басшысын диктатор ретінде сипаттаған болатын. Алайда ол Ердоғанмен арада ынтымақтастықтың қажет екенін жасырмаған еді. Оның пікірінше, мұндай саясаткерлермен қарым-қатынаста дұрыс тепе-теңдік ұстану керек. 

Осыдан кейін Италияның Анкарадағы елшісі Массимо Гаяни Түркия сыртқы істер министрлігіне шақырылып, одан премьер-министрдің сөзін түсіндіруді сұраған.

Өз кезегінде Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Драгидің мәлімдемесін сынға алып, Ердоғанды халық сайлағаннан кейін қызметіне кіріскенін баса айтты.