Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасын кім жүргізеді?: Берік Уәли жауап берді

Белгілі болғандай Президент Twitter-дегі парақшасын өзі жүргізіп, ондағы әр жазбасын да өзі жазатын болып шықты.

Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасын кім жүргізеді?: Берік Уәли жауап берді
Дереккөз: egemen.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter әлеуметтік желісінде белсенді екені баршаға мәлім. Осыған орай мемлекет басшысының аталған әлеуметтік желідегі парақшасын кім жүргізетіні белгілі болды, деп хабарлады Paryz.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай Президент Twitter-дегі парақшасын өзі жүргізіп, ондағы әр жазбасын да өзі жазатын болып шықты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Көбі шенеуніктердің әлеуметтік желідегі парақшаларын олардың көмекшілері немесе баспасөз қызметінің жетекшілері жүргізеді деп ойлайды. Жоқ олай емес, мемлекет басшысы әр "твитті" өзі жазады, себебі президент өзінің әр шешімі халыққа тікелей жетсе екен дейді. Бұл әсіресе маңызды мемлекеттік шешімдерге қатысты болмақ. Тұрғындарға да бұл өте ыңғайлы деп ойлаймын",-деді ол.