Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: сәуір айы "Ғылым және технологиялар" айдарымен өтуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің сәуір айындағы кестесі оқуда, ғылымда жоғары жетістіктерді көрсетіп жүрген жас талантты қазақстандықтарды таныту және қолдау жөніндегі бірқатар іс-шараларды қамтиды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: сәуір айы "Ғылым және технологиялар" айдарымен өтуде
Дереккөз: pnp.ru

Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтуде. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де мерейтойды атап өтуге қатысты бірқатар игі бастамаларды қолға алуда. Солардың бірі мерейтойды мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес әр айды белгіленген жеке тақырыппен өткізу болып отыр. Мысалы, наурыз айы елдің ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне арналса, ал сәуір айы "Ғылым және технологиялар" айдарымен өтпек, деп жазады Paryz.kz.

Барлық іс-шаралар мен жобалар мерейтойлық жылдың басты идеясы "Жасампаздыққа толы жылдар" белгісімен өткізіледі.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің сәуір айындағы кестесі оқуда, ғылымда жоғары жетістіктерді көрсетіп жүрген жас талантты қазақстандықтарды таныту және қолдау жөніндегі бірқатар іс-шараларды қамтиды.

"Жастарға мықты тәуелсіз Қазақстанды құруға оның өз білімін, уақыты мен күшін жұмсауына қолайлы жағдай жасау қажет", - деп атап өтті Президент Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында.


Бұл ретте, Қазақстанда жас ғалымдарды қолдауға бағытталған бірқатар жобалар іске қосылды.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры еліміздің ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары жанындағы үздік Жас ғалымдар кеңесі байқауын жариялады. Жеңімпазды анықтау кезінде байқау комиссиясының мүшелері жас ғалымдар кеңесінің белсенділігі мен жұмысының нәтижелілігіне қарай бағалайтын болады.

Сондай-ақ, Қор Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарында ғылымның, технологиялар мен техниканың басым бағыттары бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары мен жас ғалымдардың жұмыстарын қаржыландыруды ұсыну бойынша гранттар алуға конкурс жариялады.
Білім және ғылым министрлігі қазақстандық ғалымдардың ғылым мен жаңа технологиялардың әртүрлі салаларындағы жетістіктерін танымал ету бойынша "GYLYM TALKS" интернет-жобасын іске қосты. Сонымен қатар, осы ай ішінде «Ақылды ұрпақ» жас ғалымдардың онлайн-форумын өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің 34% - дан астамын 35 жасқа дейінгі қызметкерлер құрайды.