Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Әлия Назарбаева төрағалық қызметке тағайындалды

Кеңес құрамына Сенат және Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері кірген.

Әлия Назарбаева төрағалық қызметке тағайындалды
фото: дереккөз

Әлия Назарбаева "Жасыл Ел" жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы болды. Бұл туралы 5 сәуірде өткен "Жасыл Ел" ЖЕЖ Кеңесінің бірінші отырысында айтылды, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Кеңес құрамына Сенат және Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері кірген. Атап айтқанда, олар:

Айгүл Соловьева - Кеңес төрағасының орынбасары, "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы;

Тоқтар Болысов - Кеңес төрағасының орынбасары, "Қазақстан жастарының конгресі" ЗТБ атқарушы директоры;

Азамат Данияр - Кеңес хатшысы, "Жасыл Ел" ЖЕЖ республикалық штабының жетекшісі;

Нұртөре Жүсіп - Парламенті Сенатының депутаты;

Елдос Абақанов - Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Айжан Сқақова - Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Тілектес Адамбеков - Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Мәди Ахметов - Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Мая Бекбаева - журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;

Эмин Аскеров - қоғам қайраткері, кәсіпкер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;

Тимур Елеусізов - "Табиғат" экологиялық одағы төрағасының орынбасары;

Болат Бұхарбай - блогер, "Jaqsy Bolady" YouTube арнасының авторы.

"Жасыл Ел" ЖЕЖ республикалық штабының жетекшісі Азамат Даниярдың айтуынша, бүгінде аймақтық штабтар Шымкенттен басқа 16 аймақта жұмыс істейді. Жасақ саны жылына 20 мың адамды құрайды. Отырысты қорытындылай келе, "Жасыл Ел" ЖЕЖ басшысы олардың санын 30 мың адамға жеткізу туралы жоспарларын айтты.