Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Макс Боқаев пен Талғат Аян президенттің үстінен сотқа шағымданып жатыр

Белсенділер Ата заңда қазақстандықтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу құқығына кепілдік берілгенін және аталған өзгеріс азаматтардың жергілікті өкілдіктеріне сайлану құқығын бұзатынын атап өтті...

Макс Бокаев и я подали исковое заявление об отмене изменении в выборное законодательство от 2018 года, как...

Опубликовано Талғатом Аяном Понедельник, 29 марта 2021 г.
Макс Боқаев пен Талғат Аян президенттің үстінен сотқа шағымданып жатыр
фото: ашық дереккөз

29 наурызда белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян сайлау туралы заңнамаға енген түзетулерді алып тастауды талап етіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Парламенттің қос палатасының төрағалары үстінен сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Талғат Аян Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады paryz.kz.

Олардың пікірінше, аталмыш түзетулер партияға кірмеген азаматтардың мәслихатқа сайлану құқығын шектейді және заңнамаға 2018 жылы енген азаматтардың мәслихат депутаттарына өзін ұсынуына тыйым салатын өзгерістер Конституцияға қайшы екен.

Белсенділер Ата заңда қазақстандықтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу құқығына кепілдік берілгенін және аталған өзгеріс азаматтардың жергілікті өкілдіктеріне сайлану құқығын бұзатынын атап өтті.

"Мәслихаттар көшені жарықтандыру, ауаның ластануы, жол салу мәселесі сияқты аймақтағы мәселелерді шешуі тиіс, бірақ партиялық тізіммен сайланғандардың көпшіліктің мүддесіне бас қатыруы екіталай", - дейді олар.

Айта кетсек, Талғат Аян мен Макс Боқаев 2016 жылы сәуірде Атыраудағы жер митингілеріне қатысқан еді. Кейіннен олар қамауға алынды. Атырау соты оларға "әлеуметтік араздық тудырды", "митинг өткізу туралы заңнаманы бұзды" және "жалған ақпарат таратты" деген айыппен 5 жылға соттап, ірі мөлшерде айыппұл салған.

Талғат Аян түрме жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыру жөнінде өтініш жазып, 2018 жылдың сәуірінде бостандыққа шықты. Ал Макс Боқаев мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу жөнінде өтініш жазудан бас тартты. Ол құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинамен әңгімесінде "менің кінәм жоқ, мені мемлекет сылтау тауып отырғызды ма, енді өздері шығарсын" деген. Осылайша белсенді Атыраудағы УГ157/9 колониясынан биыл 4 ақпанда бір-ақ босады.