Айта кетсек, Серік Қамидолла бұл қызметке 2019 жылдың ақпанында тағайындалған...
Атырау облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Шенеунік жұмыс берушілерден жұмысқа қабылданған әрбір шетелдіктің "басы" үшін 500 мың теңгеден пара алған деген күдікке іліккен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кеше оны жұмыс орнында ұстады.
Айта кетсек, Серік Қамидолла бұл қызметке 2019 жылдың ақпанында тағайындалған. 2008 жылдан бастап Жылыой аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде сектор меңгерушісі болды. 2010 жылы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы лауазымын атқарды. 2011 жылы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлерімен және мүгедектерімен жұмыс бөлімінің бастығы, ал 2012 жылы Жылой ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы қызметінде болған.