Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Өліп қалған Әлиханның әруағынан әлі қорқамыз": Алашордашыларды насихаттауға кедергі көп екен

"...Көкпар да өткіземіз дегенбіз. Сол кезде белгісіз қоңырау келді. Белгісіз болғанда, оның арғы жағында тұрған – "үш әріптілер". Аты-жөнін білмеймін..." - дейді Мақсат Толықбай.

"Өліп қалған Әлиханның әруағынан әлі қорқамыз": Алашордашыларды насихаттауға кедергі көп екен
фото: ok.ru

Белгілі тележурналист Мақсат Толықбай Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында Алаш қайраткерлерін насихаттауға кедергі болған белгісіз адамдар жайында пікір білдірді, деп жазды paryz.kz

"Алашорда қозғалысының 100 жылдығы кезінде конференциялар мен бәйге ұйымдастырдық. Көкпар да өткіземіз дегенбіз. Сол кезде белгісіз қоңырау келді. Белгісіз болғанда, оның арғы жағында тұрған – "үш әріптілер". Аты-жөнін білмеймін. "Сендер байқаңдаршы, қатты кетіп бара жатырсыңдар ғой. Алаш қайраткерлерін қатты айта бермеңдер. Жарайды, енді 100 жыл болыпты, конференция өтті, осымен тоқтатыңдар" деген мағынадағы әңгіме айтылды", - деді ол. 

Тележүргізуші мұның себебін әділетті қоғам орнатуға мүдделі еместердің көптігімен түсіндіруге тырысты.

"Мүмкін, өліп қалған Әлиханның әруағынан әлі қорқатын шығармыз. Өйткені сол Алаш идеялары бізде әлі маңызды. Біздің қоғам оны ұлықтауға әзір дайын емес. Оның заманында да қазақтың басы қосылмай кетті. Қазір де қосылмайды. Біз осылай "сен жаман, мен жаман" деп отыра береміз. Кім басын көтереді, соның аяғынан тарту керек, болды. Қазір азаматтарды қолдасақ, біз күшке айналып кетеміз. Бізді көрген ауылдың жастары "ағалар қазақтың басын қосып, бірігіп жатыр. Қарап отырмай, біз де тәуелсіз ұйым құрайық. Ауыл, аудан деңгейінде депутаттардың жұмысын бақылайық" деп шығады. Сосын мұғалімдер комиссияға ақша жинамаймыз деп бас көтереді. Не болады сонда? Әділетті қоғам орнап кетеді. Бір-бірлеп өшіру оңай. Сондықтан араздастырып қояды. Осылай әлі 30 жыл отырамыз. Аяқтан тарту жүйесі жақсы "жемісін" беріп келе жатыр", - деді Мақсат Толықбай.

Тағы оқи отырыңыз: "Қазақша түс көрмейтін Әбілязов қазақтың жағдайын ойламайды" - Мақсат Толықбай (ВИДЕО)

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.