Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қазақша түс көрмейтін Әбілязов қазақтың жағдайын ойламайды" - Мақсат Толықбай (ВИДЕО)

Біреу білсе, біреу білмес, Мақсат Толықбай журналистикаға алғашқы қадамын шетелде қашып жүрген экс-банкир Мұхтар Әбілязов қаржыландырған "K+" телеарнасынан бастаған...

"Қазақша түс көрмейтін Әбілязов қазақтың жағдайын ойламайды" - Мақсат Толықбай (ВИДЕО)

Белгілі тележүргізуші, "Адал" партиясының белді мүшесі Мақсат Толықбай Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат беріп, біраз шындықтың бетін ашты, деп жазды paryz.kz.

Біреу білсе, біреу білмес, Мақсат Толықбай журналистикаға алғашқы қадамын шетелде қашып жүрген экс-банкир Мұхтар Әбілязов қаржыландырған "K+" телеарнасынан бастаған. Алайда сол Әбілязовты өзі онша жақтырта қоймайтын көрінеді.

"Әбілязовтың өзіне қатысты білмеймін енді. Мен ол кісіні жақтыртпаймын. Қазақша түс көрмейтін адам қазақтың жағдайын ойлайды дегенге сенбеймін... Тоқтар Әубәкіров та бір ауыз қазақша білмейтін. Үйреніп алды ғой. Мұхтар Тайжан да екі ауыз сөздің басын қоса алмайтын. Намыс қой, үйреніп алды. Ал оған (Әбілязовқа, - ред.) баяғыда үйреніп алуына болар еді. Біраз ел артынан ерер еді. Бұл жерде таза кек деп ойлаймын", - дейді әріптесіміз.

Ал Әбілязовтың елімізде экстремистік деп танылған оппозициялық ұйымы мен Жанболат Мамайдың тіркелмеген Демократиялық партиясы ұйымдастырған кішігірім митингтерге оң көзқарас танытып отыр.

"Ол жерде көпбалалы аналар бар. Саяси тұтқындарды босатсын деген сияқты әртүрлі талаптар болады. Халыққа қарау керек. Қорқа берудің қажеті жоқ. Кешегі митингті көрдіңіздер ғой, ары кетсе 20-30 адам шығады. Оны 300 ОМОН қоршап алған. Он сағат бойы әжетханаға жібермей ұстап тұрды. Азаптау ғой, былай қарасаң. Не болды, сонша қорқатындай?! Айтсын пікірін!" - деп бір қомданып қойды ол.