Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Жердің кімнің қолында екені халыққа айқын болуы керек" - Мұхтар Тайжан

"Жердің ауыл шаруашылығына арналған 99 пайызы - мемлекеттің меншігі. Сондықтан бұл тұрғыда ешқандай жеке мәлімет заңға қайшы емес", - дейді ол.

"Жердің кімнің қолында екені халыққа айқын болуы керек" - Мұхтар Тайжан

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында ҚР азаматтығын беру тәртібін қатаңдату керек екенін айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"2016 жылы халық көшеге шығып, жер шетелдіктерге жалға берілмесін, сатымасын деп айтты. Құдайға шүкір, президент өз шешімін қабылдады. Сондықтан Қазақстан азаматтарына да жерді жекеменшікке бермеуіміз керек. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айтып тұрмын. Шетелдіктерге жер сатылмайды да, жалға да берілмейді. Арнайы заң жобасы Мәжілісте екені белгілі", - деді ол.

Сонымен қатар, спикер Қазақстан Республикасының азаматтығын беру тәртібін қатаңдату керектігін айтты.

"Халықаралық тәжірибе бойынша азаматтық алу үшін кейбір елдерде мемлекеттік тілге, сол елдің тарихына қатысты емтихан тапсыруы керек. Ең кемінде 5 жыл тұрып, сол елге деген адалдығын дәлелдеуі тиіс", - деді Мұхтар Тайжан.

Қоғам қайраткері жер кадастрының ашық болуы керектігін де айтты. Жер кімнің қолында, кім игеріп жатыр, кім пайдаланып отыр? "Мұндай ақпарат халықтың баршасына айқын болуы керек", - дейді ол.

"Менің кейбір қарсыластарым бұл талап жеке мәлімет туралы заңнамаға қайшы екенін алға тартып отыр. Олай емес, себебі жердің ауыл шаруашылығына арналған 99 пайызы - мемлекеттің меншігі. Сондықтан бұл тұрғыда ешқандай жеке мәлімет заңға қайшы емес", - деді Мұхтар Тайжан.