Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады

Елімізде бала сүйе алмай жүрген отбасылар үшін «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылады, деді бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанда «Аңсаған сәби»  бағдарламасы іске қосылады
сурет caravan.kz сайтынан алынды

«Елдің отбасылық-демографиялық жағдайы үлкен алаңдаушылық тудырады. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 20 проценті мұны ажырасудың басты себебі деп санайды. Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстан халқының өсуіне қатысты болжамы көңіл көншітпейді», - деді Президент.

 

Осыған байланысты   үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Сонымен қатар ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту қажет екенін айтты.