Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Қазақстан адам саудасы жөніндегі баяндама тізімінде бақылауда тұр" - АҚШ консулдығы

"Бұл Үкімет пен азаматтық қоғамның бұған қарсы күресті күшейтуін қажет етеді", - дейді Ананд Кришна.

"Қазақстан адам саудасы жөніндегі баяндама тізімінде бақылауда тұр" - АҚШ консулдығы
фото: ашық дереккөз

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Қазақстан азаматтары үшін елшіліктің шағын гранттар бағдарламасын таныстырды, деп хабарлады paryz.kz, baq.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған бағдарлама қазақстандық ҮЕҰ-ға бағытталған. Елшілік қызметкерлері бұл бағдарлама аясында әр жыл сайын белгілі бір тақырыптарды көтеріп отыратындарын айтады. Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының Баспасөз, мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ананд Кришна бұл бағдарлама екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі деген ойда. Сонымен қатар ол биыл Қазақстан үшін өзекті үш тақырыпқа басымдық бергендерін жеткізді.

"Бірінші тақырып – адам саудасымен күрес. Бұл тақырып жайдан-жай таңдалған жоқ. Өйткені Қазақстан 2 жылдан бері адам саудасы жөніндегі баяндама тізімінде бақылауда тұр. Бұл Үкімет пен азаматтық қоғамның бұған қарсы күресті күшейтуін қажет етеді. Екінші тақырып – ауа сапасы мәселесін шешу. Қазақстандағы ауа сапасының нашарлауы ел экономикасына, денсаулық сақтау саласына және қоғам үшін үлкен мәселе тудырып отырғаны белгілі. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы әлем бойынша ауасы лас қалалалар қатарында. Сондықтан ауа сапасын жақсарту - өзекті тақырыптың бірі", - дейді ол.

Сонымен қатар ол үшінші тақырып ретінде баламалы энергия көздерін пайдалануды атады.

"Климаттың өзгеруі - адамзаттың ортақ проблемасы. Сондықтан елдер жер шарындағы климатты тұрақтандыру үшін табиғи отынды пайдалауды азайтып, одан бас тартуы керек. Біз бағдарламаға қатысатындарға осы тақырыптар бойынша тапсырмалар беріп, оның шешімін және мақсатты аудиторияны көрсеттік. Сіздерге бұл тақырыптың барлығын қамту міндетті емес, тек ішіндегі бір пунктті таңдап, сонымен шындап жұмыс істесеңіздер болды", - дейді Ананд Кришна.

Шағын грантқа қатысушылар осы айтылған тақырыптарды кеңінен зерттеп, қоғамды құлақтандырып отыруы керек.