Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Ақ жол" депутаттары айыппұлды адамның кірісіне қарай айқындауды ұсынды

Яғни, олар айыппұл мөлшері қарапайым адамның бір айлық жалақысының немесе жеке кәсіпкердің табысының 2-3%-нан, ең көп дегенде 5%-нан аспауы тиіс деп санайды.

"Ақ жол" депутаттары айыппұлды адамның кірісіне қарай айқындауды ұсынды
фото: ашық дереккөз

"Ақ жол" фракциясының депутаттары кез келген әкімшілік айыппұлды адамның кірісін ескере отырып айқындауды ұсынды. Депутат Азат Перуашев мониторингтік топтардан қысым көріп отырған шағын және орта бизнестің проблемасын көтерді, деп хабарлады paryz.kz.

Оның айтуынша, олардың рейдтері заңға сәйкес келмейді, кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келтіреді.

"Ақ жолға" көмек сұраған кәсіпкер әйелден хат түсті. Мониторингтік топ оның Теміртаудағы шағын дүкенін бір айда 18 рет тексеріп кеткен. Өкінішке қарай, мұндай мысалдар өте көп. Мониторингтік топтар осындай әрекеттері арқылы пандемиядан әрең аман шыққан кәсіпкерлерді тығырыққа тіреп жатыр, қоғамдағы тыныштыққа да қауіп төндіруде", - деді Перуашев, премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Ол халықтың тұрмысы жоғары елдердің өзінде айыппұл мөлшері құқықбұзушының кірісіне байланысты екенін атап өтті. Осыған байланысты депутаттар жеке тұлғаларға салынатын кез келген әкімшілік айыппұлды азаматтың жеке табысын ескере отырып айқындауды ұсынды. Яғни, олар айыппұл мөлшері қарапайым адамның бір айлық жалақысының немесе жеке кәсіпкердің табысының 2-3%-нан, ең көп дегенде 5%-нан аспауы тиіс деп санайды.

Депутат мұндай жағдайда ауқатты құқықбұзушылар айыппұлды көбірек төлесе де, мұның әділетті болатынын айтты.