Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі мемлекеттік сапарынан кейін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды paryz.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін барды.
Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.