Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысының құрметіне орай Франция президенті Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді.
Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді, – делінген ақпаратта.
Мемлекеттік қабылдауға Францияның үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым мен дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.