Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Ақтөбелік әйел алаяққа алданып, 14 млн теңгесінен айырылды

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында Ақтөбенің 38 жастағы тұрғынын анықтады.

Ақтөбелік әйел алаяққа алданып, 14 млн теңгесінен айырылды
фото: ашық дереккөз

Ақтөбелік "тендерді ұтуға көмектесемін" деген уәдеге сеніп, 14 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментіне 42 жастағы кәсіпкер әйел арыз түсірген. Ол бейтаныс әйелдің сөзіне сеніп, 14 миллион теңгесінен айырылыпты.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында Ақтөбенің 38 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті жасаған әрекетін мойындады. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Бүгінгі таңда күдіктінің құрығына түскен 3 жәбірленуші анықталды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің хатшысы Ерболат Сарқұлов.