Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: akorda.kz

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Президенттер сауда-экономика және энергетика салаларында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толықтай жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз етуге келісті. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ресей Президентіне ризашылығын білдірді.