Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Германияда диагноз қойды: Ермұрат Бапидің денсаулығы сыр берді

"Улануы мүмкін" деген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Paryz.kz, Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Германияда диагноз қойды: Ермұрат Бапидің денсаулығы сыр берді
Сурет: Massaget.kz

Қазақстандық саясаткер Болат Әбілов депутатпен отырған видео жариялап, оның жағдайын сұрады. 

"Бүгін жақында Германиядан тексеріліп келген депутат Ермұрат Бапимен сөйлестік. Берлиндегі "Шарите" клиникасындағылар Ерекенің ағзасынан "Новичокты" (улайтын зат) таппады. Оның улануы мүмкін екені туралы қауесеттер расталмады", - дейді Болат Әбілов.  

Ал депутаттың өзі денсаулығы жақсы екенін, Германияда диагноз анықталғандықтан емделуге баратынын айтады.

Еске салайық, шілденің басында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалған болатын. Депутат улану мен уландыруға қатысты күдік барын айтқан еді. 

Депутат "кімнен күдіктенеді?" деген сұраққа жауап бере алмады. 

"Қалай жауап беретінімді де білмеймін. Жұмысымның ерекшелігіне байланысты шай үстінде көп адаммен кездесуге тура келеді. Ешкімнің атын атай алмаймын", - деді Ермұрат Бапи.