Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Негіз жоқ» - Жоғарғы сот Назарбаевтың дүние-мүлкін тәркілеуден бас тартты

Жоғарғы сот экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мүлкін тәркілеуден бас тартты, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

«Негіз жоқ» - Жоғарғы сот Назарбаевтың дүние-мүлкін тәркілеуден бас тартты
rbc.ru

"Қазақстан азаматы Қайыргелді Смағұловтың арызын қарау бойынша жоғарғы сот Назарбаевтың  мүлкін мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы талаптарын одан әрі қарауға негіз жоқ деп тапты", – делінген жоғарғы соттың хабарламасында. Бұл Қайыргелді Смағұловтың соттағы экс-президенттің мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеуге қол жеткізу үшін жасаған үшінші әрекеті.
Бұған дейін Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты, кейін елорда соты ол кісінің өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан болатын.