Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Үш әріпте" қызмет еткен Біржанов вице-министр болды

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің жергілікті салық секторында аға салық инспекторы болып бастаған...

"Үш әріпте" қызмет еткен Біржанов вице-министр болды
Фото: primeminister.kz

Үкіметтің қаулысымен Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz

Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің жергілікті салық секторында аға салық инспекторы болып бастаған.

1999 жылдан 2004 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2014 жылға дейін Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2014 жылғы наурыздан қарашаға дейін - Президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы.

2014 жылғы қарашадан 2017 жылға дейін Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің даму және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2017 жылғы қаңтардан наурызға дейін - "Қазимпэкс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары.

2017-2018 жылдары - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлім бастығы.

2018 жылдан 2020 жылдың сәуір айына дейін "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметінің жұмысын бақылау және үйлестіру департаментінің басшысы лауазымын атқарды.