Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары ағасын бөлім басшысы етіп қойған

Әдеп жөніндегі кеңес шенеунікке толық емес қызметтік сәйкестік жариялауға шешім шығарды...

Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары ағасын бөлім басшысы етіп қойған
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары толық емес қызметтік сәйкестік түрінде жауапқа тартылды. Ол әкім міндетін атқара отырып, туған ағасын жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындаған, деп хабарлады paryz.kz.

Мақсұт Оспановқа қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Тәртіптік кеңес мәліметіне сүйенсек, ол қаңтарда Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқарушы болған кезде ағасы Мұхтар Оспановты жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы етіп тағайындаған.

Әдеп жөніндегі кеңес шенеунікке толық емес қызметтік сәйкестік жариялауға шешім шығарды. Сонымен қатар кеңес мүшелері шешімімен Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы және қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы жазаланды. Олар қатаң сөгіс алды және қызметіне толық сәйкес еместігі жарияланды.