Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Әбдірахымов еліміздің туризм саласын "зың" қыламын деп құлшынып отыр

Өз сөзінде вице-министр мемлекет басшысы мен Үкіметтің өңірлердегі туристік салаларға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы берілгенін атап өтті. 

Әбдірахымов еліміздің туризм саласын "зың" қыламын деп құлшынып отыр
фото: Azattyq ruhy

Бүгін Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады paryz.kz.

Отырыстың күн тәртібінде ұлттық компания директорлар кеңесінің жаңа төрағасын тағайындау мәселесі болды. Бұл ретте отырысқа қатысушылар Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымовтың кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді.

Өз сөзінде вице-министр мемлекет басшысы мен Үкіметтің өңірлердегі туристік салаларға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы берілгенін атап өтті.

Тағы оқи отырыңыз: "Велосипедтер қоюымыз керек...": Әбдірахымов Бозжыраға қонақ үй салуды қолдап отыр

"Салалық мемлекеттік бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін өңірлермен бірлесіп туризм саласының әртүрлі жобаларына 1,1 трлн жекеменшік және мемлекеттік инвестиция тартуымыз қажет. Бұл 22 мың қазақстандықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді", - деді ол.