Президент мұның бәрі қоғамның дезориентациясына алып келетінін, бір-біріне деген сенімсіздік атмосферасын тудыратынын айтты. Сонымен қатар, сайып келгенде, ұлттың алға жылжуына кедергі келтіреді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинацияға қарсы шыққандардың көзқарастарының тұрақсыздығынан үрейленеді екен, деп хабарлады paryz.kz.
"Өкінішке қарай, бүгінде біз қоғамдық талқылау деңгейінің төмендегеніне куә болып отырмыз. Кейбір қайраткерлеріміздің хайп жасап, ашық популистік мәлімдемелерімен азаматтарды адастыруы жиіледі. Оның жарқын үлгісі - вакцинацияға қарсылық білдіруге шақыру. Әртүрлі әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылауға біржақты көзқарастар қалыптасып отыр", - деді ол Ұлттық сенім кеңесінің 5-отырысында.
Президент мұның бәрі қоғамның дезориентациясына алып келетінін, бір-біріне деген сенімсіздік атмосферасын тудыратынын айтты. Сонымен қатар, сайып келгенде, ұлттың алға жылжуына кедергі келтіреді.
"Мұндай жағымсыз көріністердің басым тенденцияға айналуына жол берілмейді. Қоғамдық белсенділік - жоғары миссия. Бірақ сонымен бірге бұл, ең алдымен, азаматтардың алдындағы жауапкершілік. Адам сөзі мен ісіне жауапты болуы керек", - деді Мемлекет басшысы.