Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылып тынды

Ол Ресей төлқұжатын 2020 жылдың наурызында алған. Бұл факт Ресей Ішкі істер министрлігінің берген жауабымен расталды.

Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылып тынды
фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Олег Почиваловқа қатысты сот шешім қабылдады. Ол полиция бөліміне өзін Қазақстан азаматтығынан айырған сот шешіміне қарсы өтініш түсірген еді, деп хабарлады paryz.kz.

Сонымен, Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотының есебінде Почиваловтың 2020 жылдың қаңтарында Қазақстан азаматтығынан айрылғаны атап көрсетілген. Ол Ресей төлқұжатын 2020 жылдың наурызында алған. Бұл факт Ресей Ішкі істер министрлігінің берген жауабымен расталды.

Өз кезегінде Почивалов сотқа осы фактілерді жоққа шығаратын дәлелдемелер ұсынбаған. Сондықтан талап-арызы қанағаттандырылған жоқ.

Почиваловтың Ресей азаматтығына ие екендігі ұжымы жолдаған үндеуден кейін белгілі болды. Кейіннен шенеунік өзінің қос азаматтығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін айтқан болатын.