Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Қазақстанның премьері болсам, туыс-туғанды жұмыстан кетірер едім" - Саакашвили

Айтуынша, билікке келген саясаткердің барлығы өз маңайына туысқандарын, таныстарын, бірге оқыған сыныптастары мен курстастарын тартады. Бұл үрдістен қоғамға еш пайда жоқ...

"Қазақстанның премьері болсам, туыс-туғанды жұмыстан кетірер едім" - Саакашвили
фото: Иван Коваленко

Атышулы саясаткер және Грузияның экс-президенті, қазіргі Украинаның ұлттық кеңес реформасының жетекшісі Михаил Саакашвили Қазақстандағы биліктің басты мәселесін айтып, жарияға жар салды. AuditoriumQZ YouTube арнасына берген сұхбатында ол негізгі мәселелерді қаузады, деп хабарлады paryz.kz, kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Арнаның жүргізушісі Саакашвилиге "Егер сіз Қазақстанның премьер-министрі болсаңыз, қайтер едіңіз?" деген гипотетикалық сұрақ қойды. Грузияның экс-президенті бірден билікте меритократия принциптерін енгізетіндігін айтты.

"Ең бастысы, меритократия сөзін босқа еске алып тұрған жоқпын. Ашық байқау арқылы билікке үнемі талантты, жаңа адамдарды алу керек. Мәселен мен өзіме керек адамның барлығын тек байқау арқылы таңдап алдым",- деді ол.

Айтуынша, билікке келген саясаткердің барлығы өз маңайына туысқандарын, таныстарын, бірге оқыған сыныптастары мен курстастарын тартады. Бұл үрдістен қоғамға еш пайда жоқ.

"Біріншіден, кез келген елдегі билікте болсам, міндетті түрде меритократия жүйесіне өзгертем. Барлық туыс-туғанның жұмыстан кетуіне мүмкіндік жасаймын", -деді Саакашвили.

Шын мәнінде Грузияның президенті және басқа да мықты басшылықты қолға алған кезде, оның бірде-бір туысқаны саясатта мансап жасай алмапты. Тіпті ол туысқандарына әдейі кедергілер туғызған. Туыстары талантты болып тұрса да саясатта да, бизнесте де мансап қууға мүмкіндік бермеген.

"Менің ойымша, Қазақстанда бәрі бар. Меритократияны енгізген күнде адамдар басқарудың тиімді моделін табады. Олар бір-бірімен бәсекелеседі. Амбициясы бар адамдар ел үшін жақсы нәрсе жасауға тырысады", - деді Грузияның экс-президенті.

Саясаткердің ойынша, шенеуніктердің барлығы сонда ғана еліне-жеріне сүйіспеншілікпен қарап, отбасын, өз кланын билікке тартпайтын болады.

Қазақстан билігі туралы әңгіме видеоның 20:40 минутында.