Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елбасы балықтың етін жеп, сорпасын ішкенді ұнатады екен (ВИДЕО)

"Менің қағидам – ағзаға қажетті асты жеу керек. Адам өзіне қарауы тиіс", - дейді ол.

Елбасы балықтың етін жеп, сорпасын ішкенді ұнатады екен (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Кеше әлеуметтік желілерге жарияланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 жастағы суреті мен Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті асы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлады paryz.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жұртты Тоқаевтың сенбіліктегі суретімен сүйсінтсе, сол сәтте елбасының баспасөз қызметі де Назарбаевтың осыдан бірер жыл бұрын айтқан сөзін жарқ еткізді.

"Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын. Менің қағидам – ағзаға қажетті асты жеу керек. Адам өзіне қарауы тиіс. Біз дені сау ұлт болуымыз керек. Жастарымыз осыған ұмтылатынын білемін. Өз басым ешқандай диета ұстанбаймын", - деген сонда елбасы.

Сондай-ақ Еlbasy_live Instagram-парақшасында оның сүйікті асы туралы мәлімет жарияланды.

"Таңғы асқа Назарбаев жеміс пен жаңғақ қосылған сұлы ботқасын, түскі ас кезінде көкөніс немесе балық сорпасын, қазақша кеспе ішкенді ұнатады. Ол жеңіл балық тағамымен және ысталған форельмен тамақтанғанды жөн көреді", - делінген парақшадағы жазбада.