Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Президент кәсіпкерлерге шығын келтіргендерді жазалау керектігін айтты

Мемлекет басшысы сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің жиында сөйлеген сөзіне түсіндірме берді.

Президент кәсіпкерлерге шығын келтіргендерді жазалау керектігін айтты
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлердің өзара ықпалдастығына қатысты мәселе қозғады, деп хабарлады paryz.kz

"Кәсіпкерлерге орасан зор шығын келтірген мемлекеттік аппарат пен басқа да тұлғалардың ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек деп санаймын. Бұл мәселені шұғыл түрде заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу қажет", - деді ол.

Сондай-ақ мемлекет басшысы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің жиында сөйлеген сөзіне түсіндірме берді.

"Сіздер айтқандай, бизнестің мүддесін қорғауға және ілгерілетуге қатысты "кедергілер арқылы жүгіру" дейтін лабиринт бар сияқты. Мәселені іс жүзінде де, заңнамалық бастамалар тұрғысынан да шешу керек. Бұған қатысты тиісті тапсырма беремін. Ал арбитражға, сарапшылар қауымдастығын тартуға байланысты нақты мәселелерге келер болсақ, бұл ұсыныстарға жете мән беру қажет деп ойлаймын. Мәселені тиісті мемлекеттік органдар мен Үкімет қарастырып болғаннан кейін, шұғыл түрде нақты шешімдер қабылдаған жөн", - деді президент.