Ақорда Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновтің жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген ресми құжатта.
Ал бұрын осы қызметті атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.