Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Nur Otan-ның экс-депутаты "Көлеңкелі үкіметін" бюджет есебінен құрмақ па?

"...Оны мемлекеттің өзі, тіпті, жеңіске жеткен партия да қолдап отырады. Англияда көлеңкелі үкіметті бюджеттің есебінен қаржыландырады", - дейді Нұржан Әлтаев.

Nur Otan-ның экс-депутаты "Көлеңкелі үкіметін" бюджет есебінен құрмақ па?
фото: BaigeNews.kz

Nur Otan-нан кетіп, Қазақстанда тіркелмеген "El Tiregi" партиясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы болған Нұржан Әлтаев "халықтық көлеңкелі үкіметтің құрылатынын" мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, ia-centr.ru-ға сілтеме жасап.

"Тіркелмеген "El Tiregi" партиясы елімізде алғаш рет халықтың көлеңкелі үкіметін құру қажеттігін мәлімдейді. Бұл жерде "көлеңкелі үкімет" деген сөзден қорқудың қажеті жоқ. Себебі ол – дамыған мемлекеттерде, әсіресе, Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та, жалпыға ортақ тәжірибе. Англия, Канада мен Германияда бұрыннан бар", - дейді Әлтаев.

Оның айтуынша, шетелде көлеңкелі үкіметтің қызметін мемлекеттің өзі ынталандырып отырады. Ал халық ондай жұмысты қолдайды.

"Мәселен, Англияда жеңіске жеткен партия әдеттегідей өз үкіметін жасақтайды. Ал оппозициялық партия көлеңкелі үкіметті жасайды. Бірақ оны мемлекеттің өзі, тіпті, жеңіске жеткен партия да қолдап отырады. Англияда көлеңкелі үкіметті бюджеттің есебінен қаржыландырады. Мүшелеріне жалақы төленеді. Сондай-ақ көлеңкелі үкіметтің өкілдері сайланған үкіметтің барлық отырысына қатысады. Ал белгілі бір министр бағдарлама немесе қандай да бір бастама көтерсе, көлеңкелі үкімет өз пікірін айтады, оппонент ретінде сөз сөйлейді. Бұдан ұтатын - халық. Себебі кез келген мәселенің екі жағын көре алады", – дейді Әлтаев.

Экс-депутат осы тәжірибені Қазақстанда енгізуді ұсынып отыр. Көлеңкелі министрлер кабинеті биліктің жұмысын сынға алып, тиімді шешімдерді қабылдауға көмектеспек.

"Сондықтан бізге көлеңкелі үкіметті жасақтау қажет деп санаймыз. Ол жерде әрбір министр биліктегі министрдің жұмысын бақылайды, терең талдау жасайды, баға береді, белгілі бір мәселені шешудің баламалы жолдарын ұсынады", - дейді Әлтаев.