Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Навальный әшкерелеген "Путин сарайының" иесі табылды

Еске сала кетсек, 19 қаңтарда Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қоры (ФБК) жариялаған "Путин сарайы" атты жаңа зерттеуін бір апта ішінде YouTube-тан 90 миллионнан астам адам қараған...

Навальный әшкерелеген "Путин сарайының" иесі табылды
фото: РИА Новости

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный "Путин сарайы" деп атаған геленджиктегі нысанның иесі - миллиардер Аркадий Ротенберг, деп хабарлады paryz.kz, ресейлік Mash интернет-жобасына сілтеме жасап.

Mash интернет-жобасының бас редакторына сұхбат берген миллиардер Аркадий Ротенберг Кейп Идокопаста апарт-қонақүйін ашқысы келетінін айтқан. Ал The Insider басылымы Mash-тің бас редакторы, директоры және тең иесі Максим Иксанов Президент басқармасына тиесілі үйде тұрады және оның әкімшілігіне қатысы бар деп хабарлады.

Айта кетсек, Аркадий Ротенберг Владимир Путинге етене жақын ортадан шыққан кәсіпкер ретінде танымал. Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы және спорттан еңбек сіңірген қызметкер, Ресей хоккей федерациясының басқарма төрағасы.

Ротенберг отбасы - Forbes тізімінде Ресейдегі ең бай отбасылардың бірі.

Еске сала кетсек, 19 қаңтарда Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қоры (ФБК) жариялаған "Путин сарайы" атты жаңа зерттеуін бір апта ішінде YouTube-тан 90 миллионнан астам адам қараған.

Зерттеуде кейінгі 20 жылдан астам уақыт Ресейдің  билігінде отырған Владимир Путин мен оның төңірегіндегі лауазым иелерінің аста-төк байлығы мен "пара беру" схемасы жайлы баяндалады.

Ал 25 қаңтарда Путин "сарай" өзіне де, туыстарына да тиесілі емес екенін айтты. Кейінірек Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков нысанның иелері "кәсіпкерлер" екенін, олардың аттарын Кремльдің жариялауға құқығы жоқтығын мәлімдеді.