Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Біз - ҚазКСР азаматтарымыз!" - "Народные Республики" тобы

"Біз, совет адамдары, Қазақ КСР-нің үш өңірін біріктіру үшін келдік. Бұл - біз үшін қуанышты күн", - деп мәлімдеді олар.

"Біз - ҚазКСР азаматтарымыз!" - "Народные Республики" тобы
фото: дереккөз

Интернетте жаға ұстатарлық саяси әрекеттің видеосы жарияланды, деп хабарлады paryz.kz, Politic сайтына сілтеме жасап.

Кадрдағы әйелдің айтуынша, іс-шара өткен жылдың 8 қыркүйегінде Павлодарда өткен. Видеода Өскемендегі, Павлодардағы, Қостанайдағы "Народные Республики" тобы өз құқықтарын мәлімдегені бейнеленген. Жиынға қатысқан Өскемен, Қостанай және Павлодар қалаларының тұрғындары "Біз - ҚазКСР азаматтарымыз" деп, өз азаматтықтарын анықтау туралы өтінішке қол қойған.

"Мұнда өзінің азаматтықтарын анықтау туралы өтінішке қол қою үшін Өскемен, Павлодар және Қостанай облыстары жиналды. Біз, совет адамдары, Қазақ КСР-нің үш өңірін біріктіру үшін келдік. Бұл - біз үшін қуанышты күн. Біз ҚазКСР-нің азаматтары қандай да бір құлдар мен жеке тұлғалар емес, адамдар екенімізді растаймыз", - деп мәлімдеді осы шараны ұйымдастырушы.

Осы сөздерден кейін әйелдің жақтастары "ҚазССР атынан" өзінің азаматтығын анықтау туралы арыз бере бастаған.

Видео астындағы түсініктемелерде қазақстандықтар ҰҚК-ін бұл оқиғаны өз бақылауына алуға шақырды. Кейбіреулер "арандатушыларды" Қазақстан азаматтығынан айыру керек деп санаса, басқалары қылмыстық іс жүргізу қажеттігін айтты.