Оған кезең-кезеңімен көшу 2023-2031 жылдар аралығына жоспарланып отыр.
Үкімет қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасын ұсынды, деп хабарлады paryz.kz.
"Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31. Әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған", - деп хабарлады қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша үкіметтің баспасөз қызметі.
Министрлер кабинетінде хабарланғандай, әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді екен. Оған кезең-кезеңімен көшу 2023-2031 жылдар аралығына жоспарланып отыр.
"Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек", - деп мәлімдеді премьер-министр Асқар Мамин.
Үкімет басшысы латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.