Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев демалыс күндері Мәскеу қаласына барып, Ресей президенті Владимир Путинмен оңаша кездесті.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты. Ақпаратты ТАСС агенттігі хабарлады.
Песков Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге қандай мақсатта барғанын ашып айтпады.
Иә, ол (Назарбаев, - ред.) Мәскеуде болды. Ол президентпен оңашада кездесті. Бұл рас ақпарат, – деді ол.
Бұған дейін Путин мен Назарбаевтың бейресми кездесуі 19 желтоқсанда болатыны туралы ақпарат тараған еді.